«Есірткі — аяусыз жендет» денсаулық сағаты

15.07.2019 Выкл. Автор admin
«Есірткі — аяусыз жендет» денсаулық сағаты

2019 жылдың  15 шілде күні  Жаңақорған аудандық балалар кітапханасы мен Кеңес ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Талдысу» тынығу лагерінде  нашақорлық пен есірткі  бизнесіне қарсы халықаралық    күніне орай  «Есірткі — аяусыз жендет» атты денсаулық сағаты өткізілді.

Мақсаты: Нашақорлықтың қоғамға келтіретін кеселін, оның денсаулыққа, сондай-ақ салауатты өмір салтына тигізер зардаптарын оқушы санасына сіңіру, қоғамға жат, жаман әдеттерден қашық болуға тәрбиелеу.

Шара барысында аудандық балалар кітапханасының  кітапханашысы  М.Бибасарова балаларға есірткінің зияны туралы айтты. Оқушылар өз ойларын ортаға тастап, жаман әдеттерден сақтық шаралары туралы  мейірбикеге сұрақтар қойып балаларға жаман әдеттен тиылуы, темекі, ішімдікке жоламаулары жайлы кеңестер беріп кетті. Қазалы  ауданының   Қожабек ауылындағы №25 орта мектебінің оқушысы Байзеке Тоғжан «Есірткіге жол жоқ» атты өз шығармасын өлеңмен жеткізді. Шараны аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі М.Айымбетова қорытындылады.