«Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» атты кеш
05.09.20195 қыркүйек күні Қ.Р Халықтарының тілдер күніне орай «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» атты кеш №51 М.Қаратаев атындағы қазақ орта мектебінде өткізілді. Мақсаты: жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру, ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Шараға мектеп оқушылары, ұстаздары қатысты. 9 сынып оқушысы Ж.Ғабидолла Абайдың өлеңдерін оқып, Ш.Сапарғалиқызы қобызбен «Жезкиік» күйін орындаса, күйшілер тобы «Балбырауын» күйін орындады. Кеш қонағы Жаңақорған ауданының құрметті азаматы, аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы І.Нарзілдаевқа, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Т.Оспановқа сөз берілді. Жаңақорған аудандық кітапханасының кітапханашысы М.Жиенбаева «Тіл — ұлттың қазынасы» атты кітап көрмесімен таныстырып, 5 қыркүйек — қазақтың алғашқы әліпбиінің негізін жасаған, Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні екеніне, осы туған күн құрметіне жыл сайын тілдер мерекесін атап өтетінін айтып өтті. Мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушылары Ұлы Абайдың алда келе жатқан 175 жылдық мерейтойына орай «Желсіз түнде жарық ай» әнін хормен орындады. Шараға 70 адам қатысты.