«Атамекен – алтын бесік» атты әдеби кеш

24.10.2019 Выкл. Автор admin
«Атамекен – алтын бесік» атты әдеби кеш

   24 қазан күні Жаңақорған аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен «Ауылым алтын бесігім» жобасы аясында «Атамекен алтын бесік» атты әдеби кеш өткізілді.  

Мақсаты: Туған  жердің  қадір – қасиетін  ұғынуға, өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге  үйрету, туған жеріне, еліне деген  сүйіспеншіліктерін,  сезімін  қалыптастыру, туған  Отанын құрметтеуге  тәрбиелеу.

Шараға аудандық балалармен мәдени тәрбиелік жұмыстар орталығының оқушылары мен ұстаздары, осы орталықтың туристік-өлкетану бөлімінің жетекшісі З.Әлімбекова, Қазақстан Жазушылар, Журналистер Одағының мүшесі, Жаңақорған ауданның Құрметті азаматы, ақын Файзулла Сахиев, директордың тәрбие  ісі жөніндегі орынбасары Жолдыбай Тоқболат қатысты. Оқырмандарға қызмет көрсету білімінің меңгерушісі М.Алжанова шараны ашып, оқушылар отан, туған жер  туралы әдеби монтаждарын орындап, «Ауыл кеші», «Ауылға сағыныш» атты көріністерін көрсетті. 9 сынып оқушысы  О.Нұрсұлтан «Ауылым» әнін орындаса, туған жеріміз туралы видеоролик көрсетіліп, жерлес ақын жазушыларымыз жайлы кроссворд шешті.

Шара соңында Ф.Сахиев, Ж.Тоқболатқа сөз беріліп, ауыл — халқымыздың бойына нәр құятын алтын бесігі, негізгі мекен-жайы, ұлттық рухтың қуат алар қайнар көзі екенін айта келе, оқушыларға алғысын білдірді.