«Шұғаның белгісі» повесіне оқырман конференциясы

22.11.2019 Выкл. Автор admin
«Шұғаның белгісі» повесіне оқырман конференциясы

2019 жылдың 22 қараша күні қазақтың көрнекті жазушысы Бейімбет Майлиннің 125 жыл толуына орай №2 Кенттік кітапхананың ұйымдастыруымен №169 орта мектепте «Шұғаның белгісі» повесіне оқырман конференциясы болып өтті.

Мақсаты: Шұғаның белгісі шығармасын меңгерте отырып Бейімбет Майлин туралы білімдерін тереңдету, шығармадағы кейіпкерлерді талдай отырып, өзіндік пікір қалыптастыруға жетелеу.

Оқырмандар конференциясына №169 орта мектептің 11 сынып оқушылары қатысты. Олар Б.Майлиннің  шығармашылығымен танысып, алдын-ала дайындалған сұрақтар бойынша ескі қазақ қоғамындағы кезекті мәселе-әйел теңсіздігі  тақырыбына арналған жазушының шығармалары туралы, қазіргі замандастарының махаббат сезіміне қалай қарайтыны жайлы ой қозғады. Барлығы жазушы шығармаларын оқығандарын көрсетіп, шығармалардың жазылу тарихы, ондағы кейіпкерлер жайлы өз пікірлерін ортаға салып, пікір алмасып, қызу талқыға салды. Кітапханашы  «Көркем сөздің шебері» атты  кітап көрмесіне шолу жасады.