«Қазақтың Фаризасы» жыр кеші

25.11.2019 Выкл. Автор admin
«Қазақтың Фаризасы» жыр кеші

Поэзия әлемінің биік шыңдарын өз еркіне бағындырып, қиялға қанат сермеген ақын, Фариза Оңғарсынованың  80 жылдығына орай  Талап бекеті ауылдық кітапханасында «Қазақтың Фаризасы» атты жыр кеші  ұйымдастырылды.

Мақсаты:    Қазақстанның Халық жазушысы Ф. Оңғарсынованың шығармашылығымен таныстыру. Поэзияға, отанға, тілге мәдениетке, қазақ халқына деген сүйіспеншілікті арттыру.

Шарада оқушылар ақынның «Ұстаз», «Қырдағы қыс», «Жаз», «Атамекен» атты өлеңдерін жатқа айтып, «Ақ мамам» әнін шырқап берді. Кітапханашы Н.Ахметова «Поэзия падишасы» атты кітап көрмесіне шолу жасады.