«Желтоқсан – Тәуелсіздік бастауы» тарихи кеші

13.12.2019 Выкл. Автор admin
«Желтоқсан – Тәуелсіздік бастауы» тарихи кеші

2019жылдың 13 желтоқсан күні Төменарық ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігі күніне орай  «Желтоқсан – Тәуелсіздік бастауы» атты тарихи кеші болып өтті.

Шара барысында ауыл әкімі міндетін атқарушы Н.Қошқарбеков ашып тәуелсіздік мерекесімен құтықтады. Оқушылар «Ассалаумағалейкум», «Атамекен», «Қазақстаным менің» атты әндерін орындап,   ақын А.Шаяхмет «Аударған әлем назарын» өлеңін оқыды. Кітапханашы «Айбынды асқақ, тұғыры биік – Тәуелсіз Қазақстан» атты кітап көрмесімен таныстырып, «Желтоқсан көтерілісі» атты кітабына шолу жасады.