«Айбыны асқақ, тұғыры биік Тәуелсіз Қазақстан» кітап көрмесі

13.12.2019 Выкл. Автор admin
«Айбыны асқақ, тұғыры биік Тәуелсіз Қазақстан» кітап көрмесі

2019  жылдың  13  желтоқсан   күні  тәуелсіздік   күніне орай Манап ауылдық кітапханасында «Айбыны асқақ, тұғыры биік Тәуелсіз Қазақстан» атты кітап көрмесі  ұйымдастырылды.

Мақсаты: 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл — әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру. Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз анна тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу. Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын айта білу қабілетін дамыту.

Шараға №160 орта мектебінің ұстаздары мен оқушылылары қатысты. Кітапханашы А.Мұстафаева «Айбыны асқақ, тұғыры биік Тәуелсіз Қазақстан»  атты кітап көрмесімен таныстырып, ауыл әкімі  Е.Әлменов ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Мейірбеков, мектеп директоры Ибрагимовтер тәуелсіздік мерекесімен құтықтап алғыс хаттармен  марапаттады Оқушылар «Катюша», «Желтоқсан желі» әндерін орындады.