«Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі»
27.01.202027 қаңтар күні Бесарық ауылдық кітапханасында клуб қызметкерлері бірлесуімен Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2019 жылдың 2 қыркүйегінде ел халқына жолдаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауы талқыланды.
Шара барысында кітапханашы тақырыпқа сай кітап көрмесін ұйымдастырып, қысқаша шолу жасады. Клуб директоры Р.Нальтаев сөз алып, Жолдаудағы Президент көтеріп отырған негізгі мәселелерге тоқталып өтті.