Жазушы М.Мағауиннің 80 жасқа толуына орай «Тазының өлімі» атты хикаясына талқылау сағаты

04.02.2020 Выкл. Автор admin
Жазушы М.Мағауиннің 80 жасқа толуына орай «Тазының өлімі» атты хикаясына талқылау сағаты

Жаңақорған аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен 2020 жылдың  04 ақпан күні  №110 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушылары арасында  қазақ жазушысы М.Мағауиннің 80 жасқа толуына орай «Тазының өлімі» атты хикаясына талқылау сағаты өткізілді.

Мақсаты: Халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің өмірі мен шығармашылығын насихатттау, шығарманың мазмұнына тереңінен мән беріп, түсіндіру.

Кітапханашы оқушыларға автордың шығармаларын таныстырып, өмір жолына тоқталды. Оқушылар 14 бөлімнен тұратын хикаяның тарауларын ашып айтып, қазақ даласының тыныс-тіршілігін суреттей отырып, Лашын атты тазының иесі Қазының өлімінен соңғы қиындықтары мен иесін күтуі, мола басындағы азапты өлімін сипаттады.