«Имандылық тәрбиесі –өзекті мәселе» атты дөңгелек үстел

04.02.2020 Выкл. Автор admin
«Имандылық тәрбиесі –өзекті мәселе» атты дөңгелек үстел

4 ақпан күні Кейден ауылдық кітапханасы №208 жалпы орта мектептің бірлесуімен «Имандылық тәрбиесі – өзекті мәселе» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушыларға экстремизм, терроризм туралы  түсінік  беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын  ұғындыру. Жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни  сипаттарын  ұғындыра   отырып, оларды террорлық, лаңкестік  және діни эксремистік  бағытта  арандатуға  жол  бермеу.

Шара барысында кітапханашы шараны ашып,  «Діні қуатты елдің – іргесі берік» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Шараға Жаңарық    мешітінің бас имамы Ә.Намбетов, аудандық ішкі саясат бөлімінің  дінтанушы  бас  маманы Ш.Айдаров және мұғалімдер, оқушылар қатысты. Іс-шарада талқыға түскен сұрақтарға имам Ә.Намбетов пен Ш.Айдаров оқушылардың жауабын қанағаттандырды. Жалпы алғанда, жастар тәрбиесі, имандылық, тәрбиенің бастаулары туралы сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар алынды.