«Мәңгілік Ел — Қазақстан» патриоттық сағат

05.02.2020 Выкл. Автор admin
«Мәңгілік Ел — Қазақстан» патриоттық сағат

2020 жылдың 5 ақпан күні №2 кенттік кітапхананың ұйымдастыруымен №169 орта мектептің 4 сынып оқушыларының қатысуымен  «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық патриоттық идеясы аясында «Мәңгілік Ел — Қазақстан» атты патриоттық сағат болып өтті.

Мақсаты: Оқушыларды отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың  байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу. Оқушылардың татулық, бірлік, ынтымақ туралы түсініктерін кеңейту.

Шара барысында оқушылар арасында сөзжұмбақ, ой қозғау жарысы өтіп, оқушылар «Мәңгілік Ел», «Отан» жайлы өлеңдер оқып, әнұран  шырқалды. Кітапханашы Ғ.Машрапова  жалпы «Мәңгілік Ел» жайлы сипаттап оның мүддесі мен мақсаты жайлы айтып,  оқушылар өз еліне деген тілектерін білдіріп, өз тілектері жазылған стикерлерді тілек талына  жабыстырды. Кеш соңында «Менің Елім» әні шырқалды.