«Ұлттық тәрбие көзі – Рухани жаңғыруда» дөңгелек үстел

10.02.2020 Выкл. Автор admin
«Ұлттық тәрбие көзі – Рухани жаңғыруда» дөңгелек үстел

Түгіскен ауылдық кітапханасында 2020 жылдың 10 ақпан күні кітапхана, клуб қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ұлттық тәрбие көзі – Рухани жаңғыруда» атты дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын кеңінен насихаттай отырып, рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту.

Шараны ауыл кітапханашысы А.Көшербаев жүргізіп, «Рухани жаңғыру – ұлттың жаңғыруы» атты кітап көрмесімен таныстырды. Елбасының жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы елім, жерім деген әрбір Қазақстандықтың ойланатын ісі деп білеміз. Мақаланың қазақ тілінде ғана жариялануы, жерін басып, суын ішіп жүрген әрбір Қазақстандыққа ой салады. «Мен өткен өмірімде Қазақстанға, туған жеріме қандай игі іс істедім» , — деп өзінің істеген ісіне баға беретін кез келді. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Сонау Құтты білік тағылымдарында, Дулат шығармаларында, одан бері Әл –Фараби, Абай, Мұхтар, Шәкәрім тағылымдарында рухани құндылыққа үлкен мән береді. Біз дамыған алдыңғы қатарлы ел болу үшін тілімізді, дінімізді, рухани дәстүрімізді, мәдениетімізді дамытуымыз керек. Бүгінгі мәдени шараға № 209 орта мектеп мұғалімдері мен түрлі мекеме қызметкерлері қатысты. Шарада ұстаздар С.Ахметов пен Ш.Манабаевалар ұлттық құндылықтарымыз, салт-дәстүріміз жайлы өз ойларын білдіре отырып, рухани жаңғыру «Кітап оқудан» бастау алу қажет деген ізгі тілектерін білдірді.