Жазушы Сәбит Мұқановтың 120 жылдығына орай «Ботакөз» романынан оқырман конференциясы

20.02.2020 Выкл. Автор admin
Жазушы Сәбит Мұқановтың 120 жылдығына орай «Ботакөз» романынан оқырман конференциясы

20 ақпан күні Жаңақорған аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен №110 мектепте 9 сынып оқушыларының қатысуымен жазушы Сәбит Мұқановтың туғанына 120 жыл толуына орай «Ботакөз» романына оқырмандар конференциясы өткізілді. Мақсаты оқушылардың өз ойын еркін жеткізе білу, шығармашылыққа баулу, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін дамыту, әйел адамды құрметтеу сезімін жетілдіруге тәрбиелеу, жазушының өмірбаянымен, шығармашылығымен таныстыру.

Шара барысында кітапханашы М.Жиенбаева жазушының өмірі, шығармашылығымен таныстырып, оқушыларды «Әдебиетшілер», «Тарихшылар», «Тілшілер» атты 3 топқа бөліп, «Ботагөз» романының кейіпкерлері бойынша сұрақтар қойылды. Оқушылар Романдағы Ботагөз, Асқар, Амантай, Итбай мен мен Кулаков бейнелерін талқыға салып, шығарма оқиғасына қандай тарихи кезең арқау болғанын, шығарма мен тарихи шындық арасындағы үйлесімділік, жазушының сөз зергерлік  құдіреті жайлы әңгімеледі. Кітапханашы «Сұлу сөздің сардары» атты кітап көрмесімен  таныстырып, жазушының көрнекті, халық арасында көп оқылған   шығармалары «Адасқандар», «Мөлдір махаббат», «Сұлушаш», «Балуан Шолақ», «Өмір мектебі»  кітаптарымен таныстырды. Шараға қатысқан Жаңақорған аудандық орталық кітапхана директоры Әсем Манапқызы оқушыларға алғысын білдіріп қорытындылады.