«Жүрекке жақсылықты кіргізіңіз»
02.03.20202 наурыз күні №2 кенттік кітапхананың ұйымдастыруымен №56 орта мектепте 1 наурыз «Алғыс айту күніне» орай «Жүрекке жақсылықты кіргізіңіз» атты тақырыпта әңгіме сағат болып өтті.
Мақсаты: Балаларды сыйластық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту.
Шара барысында кітапханашы оқушыларға, бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі екенін және «Ризашылық», «Алғыс айту» ұғымы жайлы түсіндірді.