«Ұстаздың оралуы» романы
03.06.2020Төменарық ауылдық кітапханасы жазушы Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романы әлеуметтік желіде жарияланды. Ұлы ғұлама Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай облыстық Ішкі саясат басқармасының ұйымадастыруымен өткен онлайн эссе жазу байқауы әлеуметтік желіге жарияланды.
Шарада Әл-Фараби туралы толғағанда оның шығыс, батыс, грек ғана емес қазақ топырағынан түлеген перзент, Отырар өркениетін бойына сіңірген Ұлы тұлға екенін, «Шығыстың Аристотельі» атанған Әл-Фараби «Мен қыпшақ елінен ешқандай атақ-данқ іздеп келген жоқпын. Мен білім іздеп келдім, сол білімді араб елінен таптым, бірақ менің қыпшақ еліне деген сүйіспеншілігім шексіз»-деп елге деген перзенттік ыстық ықыласын білдіргендігі жайлы мағлұмат берілген.