«100 оқулық»

22.01.2021 Выкл. Автор admin
«100 оқулық»

2021 жылдың 22 қаңтар күні №2 Кенттік кітапхананың ұйымдастыруымен №56 орта мектеп кітапханасында, сол мектептің оқушыларының қатысуымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «100 оқулық» жобасы бойынша оқырмандар конференциясы болып өтті. Мақсаты: Оқушыларға  Елбасының «Рухани   Жаңғыру»  бағдарламасының негізгі жобаларымен таныстыру;  саяси және экономикалық білімін қалыптастыру,  патриоттық сезімдерін ояту,   Қазақстанның тарихын, тілін, географиясын және мәдениетін оқып-білу арқылы қоғамдық, мемлекеттік іс-шараларда белсенділігін таныту және Отанға деген сүйспеншілігін арттыру.

Шара барысында кітапханашы  шараны ашып,   оқушылар өз ойларын ортаға салып, 100 оқулықтың  қаншасы қазақ тіліне аударылғаны, бір беті қанша теңгеге аударылатыны, бір кітапқа қанша ақша жұмсалатыны туралы мол мағлұмат алды. Мемлекеттік тілге аударылған оқулықтардың басты мақсаты – жоғары дәрежелі, жоғары сапалы білімнің қолжетімділігі болып табылады. Осындай бастамалардың арқасында еліміздің жастары заманауи білімнің толқынына ілесіп, өз елінің мәртебесін асқақтатарына сеніміміз мол дей келе, мектеп тәрбие ісінің меңгерушісі Р.Басқожаева  кешті қорытындылады.