«Ғарышкердің сиқырлы әлемі»

25.01.2021 Выкл. Автор admin
«Ғарышкердің сиқырлы әлемі»

 

Жаңақорған аудандық орталық кітапханасы 25 қаңтар күні ғарышкер, космонавт Талғат Мұсабаевтың 70 жасқа толуына орай «Ғарышкердің сиқырлы әлемі» атты ақпараттық сағатын ұсынды.

Көрменің мақсаты: Тәуелсіз еліміздің қазақ ғарышкері Т.Мұсабаевтың космос кеңістігін бағындырудағы жасаған ерліктері туралы оқырмандарға мәлімет беру.

Шара барысында ғарышкердің өмірбаяны, еңбек жолы сондай-ақ ғарышқа ұшқан алғашқы сапарлары 1994 жылы «Союз ТМ-19» кемесінің борт инженері, 1998 жылы ЭО-23 2-ші экипажының командирі, 2001 жылы «Союз ТМ-32» командирі, сондай-ақ Қазақстан, Аустрия Ресубликасынан, Америка Құрама Штатынан, Ресей Федерациясынан алған марапаттары бейнероликте ұсынылды.