«Ең керемет күн»

25.01.2021 Выкл. Автор admin
«Ең керемет күн»

Жаңақорған аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен 25 қаңтар  күні  «Дәстүрлі отбасылық оқу» жобасы аясында «Ең керемет күн» атты   отбасылық  балаларға арналған мерекелік туған күн кеші  болып өтті. Мақсаты: әр бала үшін маңызды мереке туған күнді ерекше өткізу, түрлі ойындар арқылы кітап оқуға баулу, сөз сөйлеу шеберлігіне үйрету.

Шарада кітапхананың тұрақты оқырманы, туған күн иесі №51 М.Қаратаев   атындағы   мектебінің 5 сынып оқушысы Ибрагим Сымбатпен  бірге достары, сыныптастары қатысты. Бұл күні туған күн иесіне ерекше сый-құрмет көрсетілді. Зал мерекеге сай  әсем безендірілді. Мерекеде туған күн иесіне құттықтаулар айтып,  жылы лебіздерін білдірді. Балалар ән салып, би билеп, түрлі ойындарға белсене қатысты. Шара соңында туған күн иесіне сыйлықтар беріліп, тәттілер таратылды.

Кітапхана — ол тек қана кітап, журнал сақталатын орын ғана емес, ол — отбасылық бас қосулар мен көңілді кездесулер орны. Қызықты және ерекше өткен «Кітапханадағы туған күн» балалардың есінде мәңгі сақталып қалатын мереке болды. Балаларға осындай қуанышты сәт сыйлаған кітапханаға қатысушылар  өз ризашылықтарын білдірді.