«Тәуелсіздік таңым»

26.01.2021 Выкл. Автор admin
«Тәуелсіздік таңым»

2021 жылы 26 қаңтар күні №1 кенттік кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік таңым» атты көркем сөз оқу шеруі ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты: Қазақ халқының сан ғасыр армандаған арманы тәуелсіздік туралы оқушыларға түсінік беру. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Оқушы бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендігін ұғындыру.

Шеруді №110 мектеп лицейінің 6-сынып оқушылары «Тәуелсіздігімнің айбары», «Тәуелсіздік тұғырынан таймасын», «Тәуелсіздік түлеткен Қазақстан»  атты өлеңдерін оқыса, №163 орта мектептің 4 сынып  оқушылары  «Тәуелсіздік таңы», атты өлеңін, №169 Н.Илялетдинов атындағы мектептің 6 сынып оқушылары А.Әбдіқадір, Ж.Қасымовтар «Тәуелсіз Қазақстан» атты өлеңін мәнерлеп оқып жеткізді. Сондай-ақ «Арман» мәдениет үйінің нұсқаушысы Ш.Қарабекова мен «Көркем сөз оқу» үйірмесінің жетекшісі Р.Ұлықпанова шеруге қатысып, оқырмандарымыздың өлеңдерін саралап, кеңінен ашып, шеруге белсене ат салысқан оқырмандарымызды алғыс хатпен марапаттады.