«Тәуелсіздік бәрінен қымбат»

28.01.2021 Выкл. Автор admin
«Тәуелсіздік бәрінен қымбат»

2021 жылдың 28 қаңтар күні №1 кенттік кітапханасында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Кемелұлының «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласын насихаттау бойынша семинар өткізілді. Семинарға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ә.Төлегенов, аудандық «Жаңақорған тынысы» газетінің бас редакторы Н.Байкенже, аудандық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы М.Құлмұрзаев, аудандық «Ақбаян» әйелдер қоғамдық бірлестігінің төрайымы К.Әбілтанова, «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Р. Ахмет, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекші маманы М.Шынбаева қатысып, әділетті қоғам мен тиімді мемлекет құру жөніндегі ой-пікірлерін ортаға салды. Семинарға модераторлық жасаған аудандық кітапхананың директоры Ә. Тілеубергенова алдағы уақытта түскен ұсыныс пікірлердің жүзеге асырылуына тиісті бөлімдер ықпал ететінін айта келе, тақырыптық кітап көрмесімен таныстыруға кезек берді. «Бір ел — бір кітап» акциясы аясында «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына — 30 кітап» атты көрмесі таныстырылып, жыл бойына оқылатын кітаптарды насихаттауға белсенді болуға шақырды. Көрмеге Елбасының елге жасаған ерен еңбектері жайлы кітаптар, Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай ұйымдастырылған облыстық жыр мүшайрасына қатысқан ақындардың өлеңдерінің топтастырылған «Жыр тұғырым — Тәуелсіздік» атты кітаптар және «Тәуелсіздік толғауы» сериясымен шыққан кітаптар, М.Қозыбаевтың «Киелі Тәуелсіздік» кітабы, тәуелсіз Қазақстанның саяси тарихы жайлы кітаптар қойылды.