«Тәуелсіздік тірегім, елім деп соққан жүрегім!»

15.01.2021 Выкл. Автор admin
«Тәуелсіздік тірегім, елім деп соққан жүрегім!»

2021 жыл 15 қаңтар күні №1 кенттік кітапханасында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік тірегім, елім деп соққан жүрегім!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты: Жас ұрпақты отанын жүрегімен сүйіп, елді өркендету жолында  адал қызмет ететін руханияты  бай азамат етіп  тәрбиелеу, ұлттық  құндылықтарымызды  қадірлеуге, Тәуелсіз елінің тарихын білуге ықпал ету.

Бұл көрме ежелгі дәуірден бергі кезеңді қамтиды. Алтын Орда, Қазақ хандығы, Алаш партиясы және Желтоқсан көтерілісіне арналған. Сондай-ақ тәуелсіздік алғаннан кейін қазіргі Қазақстанның дамуы айқын көрсетілген. Азат елдің 30 жылдағы өрлеу кезеңі туралы баяндайтын құнды кітаптар жұртшылық назарына ұсынылды. Атап айтқанда мемлекетіміздің Ата Заңы – Қазақстан Конститутциясы, «Тәуелсіз Қазақстан мәдениеті», Бектемісов Асқарбектің «Жүрек жылуы» естелік-эсселері, «Желтоқсан көтерілісі» көп томдық айғақ-кітаптары, «Азаттық аңсағандар» деректі шығармалар жинағы, Қозыбаев Манаштың «Киелі Тәуелсіздік» атты кітабы және т.б. кітаптар  қойылды. Көрме жыл бойы жұмыс істеп, жаңа материалдармен толықтырылып отырады. Көрмені №1 кенттік кітапхананың кітапханашысы   Шалапова Нысанкүл таныстырып өтті.