«Өмірдастан» поэзия кеші
28.01.2021
28 қаңтар күні Кейден ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Бір ел – бір кітап» акция аясында ақын Мұқағали Мақатаевтің «Өмірдастан» шығармасынан поэзия кеші болып өтті. Мақсаты: Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақының өмірі, шығармашылығымен таныстыру, ақынның поэзия құдіреті мен әндерін таныту. Ақын өлеңдері арқылы оқушылардың Отанға, халқына, тілге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, отаншылдыққа тәрбиелеу.
Шараға №208 жалпы орта мектебінің оқушылары қатысып, «Аққулар ұйықтағанда», «Шыда, шыда», «Жоқ, дәрігер», «Әке аманаты», «Қарасаз», «Үш бақытым», «Ей өмір», «Туған жер» атты өлеңдерін оқыды. Кітапханашы «Ғасырда бір туатын дария» атты кітап көрмесімен таныстырды.