«Туған өлкем – қандай көркем»
12.02.2021
Қожакент ауылдық кітапханасының оқу залында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын іске асыруда ұлттық рухымызды дәріптеп сақтау және «Туған өлкем» жобасы бойынша туған өлкеге деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында 12 ақпан күні кітапханашы А.Рустемованың ұйымдастыруымен «Туған өлкем – қандай көркем» атты суретті кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Қожакент ауылынан шыққан атақты адамдардың өмірі мен шығармашылығынан кітаптар, ауылдың көрнекті жерлерінің суреттері және ауыл тарихы жайлы деректер қойылды.
Мақсаты: Туған жердің көрікті жерлерімен таныстырып оқырмандардың елге жерге деген сүйіспеншілігін ояту, ауыл тұрғындарына өз мекені туралы мағлұматтар және ауылымыздың атақты адамдары туралы деректер беру.