«Жүз жасаған – бәйтерек»

24.02.2021 Выкл. Автор admin
«Жүз жасаған – бәйтерек»

Төменарық ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 24 ақпан күні жыр алыбы ақын Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына «Жүз жасаған – бәйтерек» атты жыр кеші өтті.

Кештің мақсаты: Оқырманға Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай білуге ұғындыру. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру, ақын өлеңдерін, поэзиясын сүйе білуге үйрету. Ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінің өнерін сүюге тәбиелеу.

Кешімізде қара өлеңнің алыбы, даланың дархан данасы Жамбыл ата өзінің үміт күткен ұрпақтары сыр шертеді. Шарада оқушылар «Алатау», «Дастархан жыры», «Халқым менің шын атым!», « Өсиет» атты өлеңдерін оқыды. Екі ғасырдың куәсі, жыршы-жырау, халық ақыны, «Халық поэзиясының ақыны» , «Жамбыл — менің жәй атым,  халқым -менің шын атым» деген ұлы тұлғаға арнап кітапханашы Н.Есіркепова слайдтан жылдар туралы мағұлмат берді. Кітапханашы «Жыр алыбы – Жамбыл» атты кітап көрмесімен оқырмандарды таныстырды.