«Жыр патшылығының алыбы»

24.02.2021 Выкл. Автор admin
«Жыр патшылығының алыбы»

Қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы Жамбыл Жабаевтың 175 жыл толуына орай аудандық орталық кітапханада «Жыр патшылығының алыбы» атты поэзия кеші өтті. Мақсаты: Жыр алыбы Жамбылдың ақындық талантын оқырман жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай білуге ұғындыру. Сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру, ақын өлеңдерін, поэзиясын сүйе білуге үйрету. Ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінінің өнерін сүюге тәбиелеу. Кеш екі тілде өтті.

Шараға колледж студенттері мен тәрбие орталығының оқушылары қаттысты. Кеште ақынның өлеңдері оқылып, Жамбылдың балалық шағынан» қойылымнан үзінді қойылды. Ақынның өмір жолы мен шығармашылығы туралы бейнеролик көрсетілді. Мектеп оқушыларының орындауындағы Ж.Жабаев шығармаларынан құралған поэзиялық композиция көрсетіліп, ұлы ақынның атымен аталған Ресей қалаларындағы көшелер жайлы бейнесюжеттер көрсетілді.

Одан бөлек ақын шығармаларын насихаттау мақсатында «Жыр алыбы Жамбыл» атты кітап көрмесін де ұйымдастырды. Мұнда «Қазақтың Гомеріне» айналған тұлғаның өнегелі өмірі мен ғибратты ғұмырнамасы сонымен қатар жауһар жырлары мен эпикалық дастандары туралы құнды кітаптар қойылды.