«Өнер –білім бар жұрттар»

23.02.2021 Выкл. Автор admin
«Өнер –білім бар жұрттар»

23  ақпан күні Кейден ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Бір ел- бір кітап» акциясы аясында ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсаринің «Өнер –білім бар жұрттар» атты дауыстап оқу болып өтті. Шараға №208 жалпы орта мектебінің оқушылары қатысты. Шара барысында оқушылар «Өнер- білім бар жұрттар», «Кел балалар оқылық», «Әй жігіттер», «Ананың сүюі» атты өлеңдерін оқыды. Мақсаты: Алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармашылығымен оқушыларды таныстыру. Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері арқылы оқушыларды имандылыққа адамгершілікке, еңбекқорлыққа баулу. Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу.