«Менің Қазақстаным»

22.02.2021 Выкл. Автор admin
«Менің Қазақстаным»

22 ақпан күні Жаңақорған аудандық балалар кітапханасы «Бір ел – бір кітап» акциясы» аясында  ақын Ж.Нәжімеденовтың «Менің Қазақстаным» шығармасына  танымдық бейнеролигін әлеуметтік желіде оқырмандарға  ұсынды.

Мақсаты: Қазақ әдебиетінің айтулы ақыны, Қазақстан Жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы жаңа әнұранының авторы Ж.Нәжімеденовтың өмір жолымен таныстырып, шығармашылығын   насихаттау. Оқушыларды отансүйгіштікке, елін, жерін қорғай білуге тәрбиелеу.

Бейнероликте ақын өмірбаяны таныстырылып, қазақтың қасиетті қара өлеңіне өзіндік түр, болмыс пен бояу әкелген дарынды ақын Жұмекен Нәжімеденовтың  «Менің Қазақстаным» таңдамалы жинағына көзі тірісінде жарияланған өлеңдері мен дастандары, және бұрын жарық көрмеген бір топ туындылары енгені және  бұл шығармаға Қазақстан Республикасының да мемлекетті әнұраны енгізілгені, ақынның  шығармашылығы туралы баяндалды.