«Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі»

11.03.2021 Выкл. Автор admin
«Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі»

11 наурыз күні  Жаңақорған аудандық балалар кітапханасының коворкинг орталығында  қазақ әліпбиінің латын жазуына көшуді қолдау бағытында «Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі» атты кітапхана қызметкерлері арасында  Қызылорда облысы ішкі саясат басқармасының «Қызылорда облысы тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің Жаңақорған ауданы бойынша мемлекеттік тіл оқытушысы  А.Төлепбергенованың қатысуымен   пікір алмасу өткізілді.

Шараның мақсаты – латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру.

Кітапхана меңгерушісі М.Жиенбаева жиналған көпшілікке
қазақ қоғамы латын әліпбиіне көшуге дайын ба, латын әліпбиіне көшудің қандай тиімді жақтары бар деген сұрақтар қойып, қатысушылар өз ойларын ортаға салды.  Тіл оқытушысы  А.Төлепбергенова латын графикасына негізделіп жасалған қазақ әліпбиімен слайд арқылы таныстырып, умлаут, макрон, бревис, седиль ұғымдарын түсіндірді. Қатысушылар латын әліпбиімен жазу жазып, слайдта берілген мәтіндерді оқып, латын әліпбиімен жазу, оқу қиындықтар тудырмайтынын  айтты. Бүгінгі компьютер заманында интернет жүйесінде үстемдік ететін латын әліпбиі, оған көшу заман талабы екенін  айтып кітапхана меңгерушісі М.Жиенбаева шараны қорытындылады.