«Қорқыт бабам төккен жыр»

12.03.2021 Выкл. Автор admin
«Қорқыт бабам төккен жыр»

 

2021 жылы 12 наурыз күні №1 кенттік кітапхананың ұйымдастыруымен «Қорқыт бабам төккен жыр» атты танымдық кеш өткізілді.

Танымдық кештің мақсаты – «Қорқыт ата кітабының» тарихилығын, көркемдік ерекшелігін таныту, білімдерін дамыта отырып, танымдық қабілеттерін арттыру. Оқырмандармен әңгімелерін талдау арқылы өзіндік жұмыс істеуге машықтау, шығармашылықпен жұмысқа жетелеу. Елін, жерін сүюге, жамандық пен жақсылық шегін айыра білге тәрбиелеу.

Танымдық кешке №125 С.Сапарбеков атындағы 6-сынып оқушылары қатысып, Қорқыт жайлы өз ой-пікірлерін ортаға салып, оның жырларына және нақыл сөздеріне талдау жасады.  Кеш соңында  кітапханашы кітап көрмесімен таныстырып өтті. Кітап көрмесінде кемеңгердің өмір жолы, аңыздарынан сыр шертетін ғалым-жазушылардың зерттеулері мен еңбектері Т.Мәмиевтің «Қорқыт ата кітабы», «Қорқыт ата туралы аңыз бен ақиқат», «Қорқыт және ұлы дала сазы», «Қорқыт ата кітабы», «Қорқыт елім-ай» атты және т.б кітаптар қойылды.