«Еліміздің салт-дәстүрі жасасын»

15.03.2021 Выкл. Автор admin
«Еліміздің салт-дәстүрі жасасын»

Бесарық бекеті ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен наурыз айының 15-і күні салт — дәстүрді насихаттау мақсатында «Еліміздің салт-дәстүрі жасасын» атты өнеге сағаты өткізілді.

Мақсаты: Оқушыларға ата-бабаларымыздың салт-дәстүрі туралы түсінік беру. Қазақтың салт-дәстүрлерін оқушылардың бойына сіңіру, өз халқына, ұлтына, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Балаларды ұлағатты салт-дәстүрді дәріптеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Шара үш бөлімнен тұрды. Бірінші бөлім «Салт-дәстүрі қазақтың – сарқылмайтын кенмен тең» бөлімінде шілдехана, бесікке салу, қырқынан щығару, азан шақыру , ат қою, тұсаукесер, сүндетке отырғызу, ашамайға мінгізу, тоқым қағу, тілашар және т.б салт-дәстүрлер туралы мағұлмат берілді. Екінші бөлім  «Білгенге – маржан»  бөлімінде  қазақ  ырымдары жан-жақты айтылды. Соңғы «Ойлан тап» бөлімінде сұрақ-жауаптар қойылып жауаптар берілді. Халқымыздың әдет-ғұрпын, дәстүрін, тарихын білу, оны қастерлеу – әрқайсымыздың борышымыз екендігі айтылып өтті.