«Жыр алыбы-Жамбыл»

15.03.2021 Выкл. Автор admin
«Жыр алыбы-Жамбыл»

2021 жылдың  15 наурызы күні  Бесарық ауылдық кітапханасының  ұйымдастыруымен «Жыр алыбы-Жамбыл » атты  жыр кеші өткізілді. Мақсаты: Жыр алыбы Жамбылдың 175 жылдығын атап өту, ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай білуге дағдыландыру. Ақын  шығармалары  арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінің өнерін сүюге тәрбиелеу.

Шара барысында кітапханада «Жүз жасаған бәйтерек» атты  кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды. Ақынның өмірбаянынан баяндама оқылып, өмірі жолы мен музей-үйі туралы слайд көрсетілді. Оқырмандар  ақын мен бала  Жамбылдың ролін сомдап көрініс көрсетіп, «Халаулым», «Бипыл» атты халық әндерін, «Еркесылқым» күйін  орындады. Кітапхананың белсенді оқырмандары ақынның «Халық туысқандығы», «Мұғалімдерге сәлем», «Қайта келген жастық», «Ленинградтық өрендерім», «Еңбек көктемі», «Әкеме» т.б. көптеген өлеңдерді жатқа айтты. Клуб директоры  Р.Нальтаев кешті қорытындылап, бүгінгі кеште жыр дүлдүлі Жамбылдың асыл жырларымен сусындап, өнегелі өміржолымен, күні бүгінге дейін сақталып тұрған мұражай үйімен танысып  бір марқайып қалғандарын айта келіп, қатысушы балаларға жақсы тілектерін  жеткізіп, баталарын берді. Кеш соңында қатысушы оқырмандар алғыс қағаздармен марапатталды.