«Ескерткіштерді қорғау-елдіктің белгісі»

14.04.2021 Выкл. Автор admin
«Ескерткіштерді қорғау-елдіктің белгісі»

2021жылдың   14 сәуір күні  Бесарық  ауылдық  кітапханасында «Ескерткіштерді қорғау-елдіктің белгісі» атты көркемсуретті әдебиеттерден  кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: 18 сәуір -Тарих және сәулет ескерткіштерінің күнін атап өтіп, осы тақырыпқа сай ұйымдастырылған   кітап  көрмесіне шолу жасау, оқырмандарға күні бүгінге дейін сақталып келген археологиялық жәдігерліктер мен архитектуралық ерекшеліктері зор кесенелер мен қасиетті орындарды таныстыру, қазақ тарихын терең білуге, оны құрметтеуге баулып, ұлттық мақтаныш сезімдерін ояту.

Кітап көрмесіне қойылған түрлі-түсті суреттермен безендірілген кітаптардан Қожа Ахмет Иассауи кесенесі, Айша бибі кесенесі, Сығанақ, Сауран, Отырар т.б. қалалар мен Алтын адам, таңбалы тастар суреттері, Маңғыстау жер асты мешіттері, киіз үй, қол өнер бұйымдарының  суреттері көрсетіліп, археологиялық ескерткіштер ел тарихы мен мәдениетін, елдігін айғақтайтын мемлекеттік рухани қазына екендігі айтылды.