«Қорқыт туралы ақиқат пен аңыз»

13.04.2021 Выкл. Автор admin
«Қорқыт туралы ақиқат пен аңыз»

Бесарық бекеті ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен сәуір айының 13-і күні Қорқыт ата мұраларын насихаттау мақсатында «Қорқыт туралы ақиқат пен аңыз» атты онлайн ақпараттық сағаты ұсынылды.

Мақсаты: Оғыз хандығының тұсында өмір сүрген ұлы ойшыл, ұлы қобызшы, ұлы күйші Қорқыт бабамыздың өмірі мен рухани мұрасын оқырманға таныстыру.

Ақпараттық сағатта Қорқыт VIII ғасырда Сыр бойында бұрынғы Жанкент қаласы маңында өмір сүрген атақты ақын, асқан күйші ел аузындағы аңыздарда Қорқыт ата мәңгі өлмейтін өмір іздеуші, мәңгілік өмір үшін қайтпас күрескер болғанын, бұл дүние тарихында өте  сирек жолығатын Қорқыт атаның тарихи тұлға екендігі айтылды