«Кітапханаға кітап сыйла!»

13.04.2021 Выкл. Автор admin
«Кітапханаға кітап сыйла!»

13 сәуір күні 2021 Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылына орай, «Балалар мен жасөспірімдер кітабы айлығы» жобасы аясында Жаңақорған аудандық балалар кітапханасында  кітап оқу – адамға өзіндік әсер етіп, оның адам болып қалыптасуында маңызды рөл атқаратынын, кітап оқу мен кітапханаларды қолдау – қоғам дамуының басты міндеттерінің бірі екенін ескере отырып «Кітапханаға кітап сыйла!» акциясы өткізілді. Мақсаты – кітапхананың кітап қорын әдебиеттермен толықтыру, оқырман мен кітапхана арасын нығайту.

Кітапхана қорын түрлі әдебиеттермен толықтыру, балаларды  оқуға тарту мақсатында ұйымдастырылған акцияға кітапхана оқырмандары  Турсынова Рыскүл  мен Жүсіпова Гүлзада  балалардың кітапқа деген қызығушылығын ояту үшін  ертегі кітаптарды, өзіміздің жерлес ақын жазушылардың кітаптарын сыйға тартты.