«Өтірік өрге баса ма?» көрініс-шоу

09.04.2021 Выкл. Автор admin
«Өтірік өрге баса ма?» көрініс-шоу

9 сәуір күні Жаңақорған аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен, Жаңақорған оқушылар үйінің туристік өлкетану үйірмесінің оқушысы Сұлтанбек Жарылқасын мен Молдабек Дилназ бен кітапханашылардың  қатысуымен  «Бір ел — бір кітап» республикалық акциясы аясында,  Ел  Тәуелсіздігінінің 30 жылдығына орай  насихатталатын 30 кітаптың бірі  көрнекті балалар жазушысы Толымбек Әбдірейімнің «Алабұға аулаған күн» атты кітабынан «Өтірік өрге баса ма?» әңгімесінен көрініс-шоу өткізді. Мақсаты: көрініс арқылы балаларды кітап оқуға қызықтыру, оқырмандарды көркем шығармада суреттелген өмір құбылыстарын тануға, өмірде өздеріне қажетті ұстаным қалыптастыра білуге, адал, қайырымды болуға, елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Әңгіме желісі  бойынша  «өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам»  екендігін шебер жеткізген  кітапхана  оқырмандары  Сұлтанбек Жарылқасын мен Молдабек Дилназ әпкелі-інілі Әсел мен Асқардың ролін ойнаса, кітапханашы Ж.Тайымбетова автор сөзін оқып отырды, және кітапханашы Ж.Тулешова «Кәтеп әпке» ролін өте жақсы алып шықты. Оқырмандарға үлгі болатындай көрініс көрсетті.