«Ұлы даланың жеті қыры – педагогикалық идеялар тоғысында»

08.04.2021 Выкл. Автор admin
«Ұлы даланың жеті қыры – педагогикалық идеялар тоғысында»

2021 жылдың 8 сәуір күні №1 Кенттік кітапханасының ұйымдастырумен «Парасат жолы» жобасы аясында «Ұлы даланың жеті қыры – педагогикалық идеялар тоғысында» атты танымдық кеш өткізілді. Танымдық кеште төл тарихымызға қатысты тың жетістіктер туралы, ежелден қалыптасқан қазақ елінің бай мәдениеті мен тарихи жәдігерлеріміз жайында сөз қозғалып, ұлы даланың жеті қыры жайында түсіндірілді.

Танымдық кештің мақсаты мақаланы оқырмандар арасында кеңінен талдау, ел тарихын білуге насихаттау арқылы туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Болашаққа деген сенімі мен ой – өрісін дамыту, ел мұрасын қастерлеп, оны жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.