«Тарихи сананы жаңғырту»
15.04.20212021 жылдың 15 сәуір күні №1 Кенттік кітапханасының ұйымдастырумен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына орай «Тарихи сананы жаңғырту» атты онлайн бейне слайд жарияланды. Слайд өткеніміз бен бүгінгімізді байланыстыру арқылы тарихымызға тың көзқараспен қарауға мүмкіндік ашып, мәдени жәдігерлерімізді көздің қарашығындай сақтап, түп – тамырымызды жете танып, оның күрмеуі күрделі түйінін шешуге ұмтылдырады. Бейне слайдта ұлы даланың жеті қыры болып саналатын: Атқа міну мәдениеті, ұлы даладағы ежелгі металлургия, аң стилі, алтын адам және түркі әлемінің бесігі, Ұлы Жібек жолы, Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны салалары жан – жақты түсіндірілді.
Бейне слайдтың мақсаты оқырмандарға Ұлы даланың жеті қыры атты мақаласы жайлы және аталған тарихымыз туралы түсіндіру, оқырмандардың ойлау қабілеттерін дамыту, адамгершілікке, мейірімділікке, ұқыптылыққа, өз туған жерін қадірлеп, Отанын сүюге тәрбиелеу.