«Бірлігі жарасқан Қазақстан»

29.04.2021 Выкл. Автор admin
«Бірлігі жарасқан Қазақстан»

29 сәуір күні Жаңақорған аудандық балалар кітапханасы  1 мамыр — ҚР Халықтарының бірлігі күніне орай «Бірлігі жарасқан Қазақстан» атты онлайн әдеби сазды кеш ұйымдастырды.  Мақсаты: балаларды ынтымақтастыққа, достыққа тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін қалыптастыру,  достығы еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Онлайн шараны кітапханашы М.Бибасарова бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі, еліміздегі ұлтаралық татулық, ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін деп  бастаса, кітапхана оқырмандары Е.Ермаханұлы, А.Әмет, А.Дүйсенхан 1 мамыр мерекесіне арналған тақпақтарын оқып берді. С.Бейбіт мың бұралып «өзбек биіне» биледі.