«Халықтың қуаты бірлікте»

29.04.2021 Выкл. Автор admin
«Халықтың қуаты бірлікте»

29 сәуір күні  Жаңақорған аудандық орталық кітапхананың «Парасат жолы» жобасы аясында «Халықтың қуаты бірлікте» атты өзге ұлт өкілдерімен онлайн сұхбат ұйымдастырды.

Мақсаты: оқырмандарға еліміздің көп ұлттылығын, достығын, бірлігін, мәдениетін насихаттай отырып, достық пен бауырмалдыққа, бейбітшілікке тәрбиелеу.

Шарада  орыс ұлт өкілдері  Г.Н Акулова және Г.А. Павлова  Республикамызда тұратын түрлі ұлт өкілдерін бірлік мерекесімен құттықтап, ең бастысы, ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман болсын деп  жылы лебіздерін білдірсе, өзбек ұлтының өкілі  Акимбаева Кенже  өз тілінде  құттықтауын жеткізді, сондай-ақ түрік халқының өкілі Ахметов Наргиза  Абай Құнанбайұлының  «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» атты өлеңін жатқа айтты. Кітапханада «Татулық – достықтың киелі бесігі» атты кітап көрмесі жасақталды.