«Қорқыт мұрасы»

22.04.2021 Выкл. Автор admin
«Қорқыт мұрасы»

2021  жылдың  22 сәуір   күні  Әбдіғаппар ауылдық  кітапханасының  ұйымдастыруымен  «Қорқыт мұрасы» атты танымдық сағат ұйымдастырылды.    Мақсаты: Сегізінші ғасырда өмір сүрген  түркі халықтарының атақты ақыны, күйші Қорқыт ата туралы түсінік беру. Қорқыт атаның өмір жолдарынан және күйлерінің шығу тарихынан мағұлматтар  беру.

Шара барысында  Қорқыт ата өмірде ізі, артында әдеби-музыка мұрасы қалған тарихи тұлға ретінде белгілі қобызшы жырау екендігі жайында баяндалады.  Қазақ философиясы тарихында Қорқыт атаның– ел бірлігін нығайтқан кемеңгер қайраткер, түркі дүниетанымының негізін жасаған ғұлама ойшыл, әлемдік ақыл-ой мәдениетінде өзіндік орны бар философ-гуманист ретінде танылғандығы айтылады.