«Қазақтың дарабоз жазушысы»

22.04.2021 Выкл. Автор admin
«Қазақтың дарабоз жазушысы»

Жаңақорған ауданы, Қожакент ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтың 85 жасқа толуына орай «Қазақтың дарабоз жазушысы» тақырыбында әдеби кеш өтті. Іс- шараға кітапхана оқырмандары қатысты.

Шара  барысында кітапханашы оқырмандарға Қ.Жұмаділовтың кітаптарына «Қазақтың дарабоз жазушысы» атты кітап көрмесімен таныстырып, Әбдікәрімов атындағы №168 орта мектебінің  кітапханашысы Тілепова Әлия оқырмандарға жазушы жайында, оның шығармаларына тоқталып өтті. Оқырмандар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, белсене қатысты. Мақсаты: Қ.Жұмаділовтың өмірі мен шығармашылығы жайында мәлімет беру. Оқырмандардың туған жеріне, ата-мекеніне сүйіспеншілігін оятып, патриоттық сезімін қалыптастыру.