«Балалар әдебиетінің күншуағы»

23.04.2021 Выкл. Автор admin
«Балалар әдебиетінің күншуағы»

21-27 сәуір аралығында Жаңақорған аудандық балалар кітапханасы  «Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» аясында, 23 сәуір – Кітап мерекесі күніне орай  балалар ақыны А.Сопыбековтың шығармашылығына арналған «Балалар әдебиетінің күншуағы» атты аудандық онлайн байқау ұйымдастырылды. Мақсаты: Балалар ақыны Адырбек Сопыбековтың шығармашылығын кеңінен насихаттау, өскелең ұрпақты рухани баулу арқылы жастардың шығармашылығын шыңдау. Ақынның рухани, мәдени мұраларын келешек ұрпақтың санасында жаңғырту және тәуелсіз елдің дарындарын қалыптастыру, жас таланттарды анықтау. Балалардың оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, шығармашылықпен айналысуға бейімдеу.

Байқау ережесі бойынша 1 кезең «Өлеңінен керемет сыр өрілген» атты А.Сопыбековтың шығармашылығынан бір өлеңді мәнерлеп оқу, 2 кезең «Жаны күн шуағынан жаралғандай» деп аталатын ақынға арналған арнауын оқу.  Байқауға аудан бойынша 8-14 жас аралығындағы 12 оқушы қатысты. Ереже бойынша қатысушылардың 2 кезеңде оқыған видеолары балалар кітапханасының фейсбук парақшасында жарияланды.   Нәтижесінде қазылар алқасының төрайымы, «Жаңақорған тынысы» газетінің бас редакторының орынбасары Б.Үсейінова мен қазылар алқасының мүшесі М.Көкенов атындағы шығармашылық мектебінің маманы У.Ибрагимов жыр мүшайрасына қатысушыларға тұшымды пікірлерін білдіріп, жеңімпаздарды анықтады. І орынға Машбек Нәлібаев ауылының №196 мектебінің 9 сынып оқушысы Ш.Серікболсын, ІІ орынға  Кейден ауылының №208 мектебінің 7 сынып оқушысы Н.Өскенбай, ІІІ орынға  Төменарық ауылының №223 мектебінің 7 сынып оқушысы С.Асан ие болды,  байқауға  қатысқан талапкерлер  алғысхатпен марапатталды.