«Кітап әлемі — ғажап әлем»

23.04.2021 Выкл. Автор admin
«Кітап әлемі — ғажап әлем»

23 сәуір күні Халықаралық кітап және авторлық құқық қорғау күніне орай  Жаңақорған аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен №163 орта мектебінің 10 сынып оқушыларының қатысуымен «Кітап әлемі — ғажап әлем» атты бәсеке сайыс өткізілді.

Мақсаты: Кітаптың адам өміріндегі маңыздылығы туралы мәлімет беру, кітаптарды насихаттау, әр түрлі ойындар арқылы оқырмандардың ой-өрісін кеңейту, кітап оқуға қызықтыру, кітапханаға оқырман тарту.

Шараны мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г. Жабпарова ашып, кітапханашылар сайыс  барысымен  таныстырды. Сайыс «Мақалдың жалғасын тап» атты библиошар, «Туған жерім-тұнған шежіре» атты жұлдызды карта ойыны, «Сыр сандық», «Кітап оқып-рухани бай бол» атты кезеңдер бойынша ортақ сұрақтар беріліп, сұраққа дұрыс жауап берген оқушыларға сайыс тәртібі бойынша жетон  берілді. Ең көп жетон жинаған оқушыларға  кітапхана атынан алғыс хат табысталды.  Сондай-ақ оқушылар «Оқулықтардың пікір таласы», «Кітап және дәрігер», «Салақ бала мен кітап» атты көрініс көрсеттіліп, кітапханашы «Кітап адамзаттың асыл діңгегі атты» кітап көрмесімен таныстырып шараны қорытындылады. Шараға 12 адам қатысты.