«Алабұға аулаған күн»
19.05.20212021 жылдың 19 мамыр күні Сунақата ауылдық кітапханасында «Бір ел –бір кітап» акциясы аясында жазушы Толымбек Әбдірайымның «Алабұға аулаған күн» атты кітабының таныстырылымы болып өтті.
Мақсаты: Жас оқырмандарды кітап оқуға баулу, кітапханаға оқырмандарды тарту.
Кітапханашы Р.Сәдірбаева биылғы жылы оқырмандардың оқуы үшін Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 кітап таңдалып алынғанын айтып, сол кітаптардан жасақталған кітап көрмесін таныстырып өтті. Соның ішінде балалар жазушысы Толымбек Әбдірайымның «Алабұға аулаған күн» атты кітабына жас өркеннің жан дүниесіне әсер ететін әңгімелер, хикаяттар, ертегілер топтастырылғанын, балалардың оқуға деген қызығушылығын арттыратынына сенім мол екенін жеткізді.