«Жиһанкез Тити»

14.05.2021 Выкл. Автор admin
«Жиһанкез Тити»

14 мамыр күні Жаңақорған аудандық балалар кітапханасы «Бір ел –бір кітап» акциясы аясында, Қ.Р. Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай насихатталатын 30 кітаптың бірі белгілі балалар жазушысы, Х.Андерсен атындағы сыйлықтың иегері, қазақ публицистикасында өзіндік қолтаңбасы бар қабырғалы қаламгер Марат Қабанбаевтың «Жиһанкез Тити» атты әңгімесі бойынша буктрейлер ұсынылды. Жазушы Марат Қабанбаевтың шығармаларының көп бөлігі балалар мен жасөспірімдерге арналған. Шығармаларының негізгі тақырыбы заман келбеті, өмір тіршілігі жалпы барлық жас өрендердің психологиясына жан-жақты назар аударып, олардың азамат ретінде көзқарастарына ерекше көңіл бөледі. 1982 жылы басылып шыққан «Жиһанкез Тити» әңгімесі жасөспірімдерге арналған ерекше туынды. Оның қай шығармасы болмасын тілі көркем, өзіндік мәнері бар керемет туындылар.