«Дала жұлдызы-Ыбырай Алтынсарин»

19.05.2021 Выкл. Автор admin
«Дала жұлдызы-Ыбырай Алтынсарин»

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Бесарық бекеті ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен мамыр айының 19-ы күні Қазақтың ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына «Дала жұлдызы-Ыбырай Алтынсарин» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді.

Мақсаты: Ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің өмірбаянымен, әдеби педагогикалық шығармашылығымен таныстыру. Желі оқырмандарының жазушы, ұстаз туралы түсініктерін кеңейту.Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу.

Ақпараттық сағатта  ұлы ағартушы, тұңғыш қазақтың елінде мектеп ашқан, алғашқы ұстаз Ы. Алтынсариннің өмірбаянымен, Ыбырай Алтынсариннің шығармалары, ағартушының еңбектері жайлы мәліметтер берілді. Өзіндік ізін қалдырған, өскелең ұрпақтың еш есінен кетпестей ұстаздың жолын арнап өткендігін көріп, біліп, таныстырылып өтті.