«Невада-Семей ызғары»атты кітап көрмесі

09.08.2021 Выкл. Автор admin
«Невада-Семей ызғары»атты кітап көрмесі

2021 жылдың 9 тамыз  күні Невада — Семей қозғалысына 32 жыл толуына орай Бірлік ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстанның 40 жылдан астам уақытқа созылған қасіреті туралы айтып, көрсету мақсатында «Невада-Семей ызғары»атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Шара барысында халқымызға орны толмас қайғы әкелген, ядролық жарылыстар алаңына айналған Семей полигоны туралы терең мағлұматтар беретін жазушылар мен қоғам қайраткерлерінің кітаптары, ғылыми еңбектері мен басылымдар беттерінде жарық көрген мақалалар, қатысушылардың назарына ұсынылды. Кітапханашы К. Сұлтанбаева қатысушыларды «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының маңызымен таныстырып өтіп, 1989 жылы 28 ақпанда ұйымды құру туралы идеяны ақын Олжас Сүлейменов көтергенін, қозғалысты құрудағы үш мақсат жайлы айтып өтті. Нəтижесінде 1991жылы Елбасының қаулысымен палигон жабылып, Қазақстан бүкіл əлемде алғаш болып жойқын қарудан бас тартқан мемлекет ретінде тарихта қалғанын ерекше атап өтті.