«Қу түлкі»

03.08.2021 Выкл. Автор admin
«Қу түлкі»

3 тамыз күні Жаңақорған аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен 2021 жыл — балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылына орай, «Әжем айтқан ертегі» жобасы аясында «Қу түлкі» атты ертегіден онлайн қуыршақтар қойылымы әлеуметтік желіге жарияланды.  Мақсаты: Балаларды ерте жастан кітап оқуға баулу, қызықтыру, ертегі арқылы адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу.

«Қу түлкі» ертегінің желісі бойынша  Мәдениет үйінің «Балалармен жұмыс жасау бөлімінің» қоғамдық қызметкері Мерей Балтабай  ертегіні  нақышына келтіре оқыды, кітапханашылар Жанат Тулешова, Мира Бибасарова  ертегі кейіпкерлері ата мен түлкі және кемпір қуыршақтарын  ойнатты.