«Жаңа технологияның сырлары»

31.07.2021 Выкл. Автор admin
«Жаңа технологияның сырлары»

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Төменарық ауылдық кітапханасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі — халықтың білімге деген құштарлығын арттыру мақсатында Төменарық ауылдық кітапханасында демеушілікпен «Коворкинг» орталығы ашылып «Жаңа технологияның сырлары» атты іс-тәжірбие алмасу семинары өткізілді.

Шара барысында алғашқы сөз аудан әкімінің орынбасары Тұрсынбаев Дархан Есалыұлы, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бұлдырықов Нұрымжан Сәбитұлы, Төменарық ауылының тұрғыны, ардагер ұстаз Мұстафаев Алтынбай Тилеубайұлы және аудандық «Жаңақорған тынысы» газетінің бас редакторы, аудандық мәслихат депутаты Нұрлат Байкенжелер шараны ашып берсе, 1981 жылғы мектеп бітіруші түлектері туған елге ұшқан ұяға деген тағзым адал достыққа баулуға, еңбекті дәріптеуді негізге ала отырып, «Көңілден кетпес жылдар, тағлымнан тұнған сырлар» атты жаңа кітаптың  тұсау кесу рәсімі өткізілді. Сондай-ақ коворкинг орталығын ашуға  демеуші болып отырған №53 А.Д.Романов атындағы мектепті 1981 жылғы түлектері, биология ғылымдарының кандидаты, Гумулев атындағы Евразия ұлттық университетінің профессоры Қорғанбеков Болат Сағынбекұлы және республикамызға белгілі журналист, «Казгазета.кз» ақпараттық агентігінің басшысы Жүндібаев Берік Бейсенұлы атты кітап авторлары сөз сөйлеп, кітаптың тұсауын кесті. Шара соңында студентер  мен оқушылар арнау оқып, концертік бағдарламаға ұласты.