«Ұлы халықтың Ұлы Абайы»

10.08.2021 Выкл. Автор admin
«Ұлы халықтың Ұлы Абайы»

Жаңақорған аудандық кітапханасының  оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен «10 тамыз-Абай күні» деп жариялануына орай «Ұлы халықтың Ұлы Абайы» атты онлайн  әдеби шолу ұсынылды.

Мақсаты: оқырмандарды ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, Абайдың рухани асыл мұраларын насихаттау.

Бейнероликте  қазақтың ас көрнекті ақыны А.Құнанбайұлының өмір жолы мен балалық шағы, еңбек жолындағы  шығармаларына көз жүгірте отырып, қазақ әдебиетіндегі аса құнды деректеріне тоқталды. Ұлы ақынның  өлеңдері жас ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке, ғылым-білім үйренуге шақырса, жастарды бес нәрседен — өсектен, өтіріктен, мақтаншақтықтан, еріншектіктен, бекер мал шашпақтықтан қашық болуға, бес асыл іске — талап етуге, еңбекті сүюге, терең ойлай білуге, қанағатшыл болуға, қайырымды рақымшылық жасауға шақырды.

Сондай-ақ кітапханашы Ә. Сағатқызы  ақынның «Күз» өлеңіндегі табиғат көріністерін суреттей отырып, көшпелі елдің өмір тұрмысын бейнелегенін мәнерлеп оқып берді.